Қостанайда 5 автобус жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 5 автобус жанып кетті

24.09.2024

Қостанай автобус паркінде өрт шығып, 5 автобус жанып кетті. Төтенше жағдай қызметінің хабарынша, тілсіз жау бүгін түнде болған және зардап шеккендер жоқ. Автомобиль тұрағын түгел қою түтін басқан. Соған қарамастан өрт сөндірушілер жалынның одан әрі таралуын болдырмады және 27 қалалық автобус пен бокс құрылымын оттан аман алып қалды. От шарпыған аумақтың көлемі – 220 шаршы метр.

Ғабит Ұзақбай


Хабарламаларға жазылу