Астана – Ұлыстың ұлы күнін бес күн бойы тойлайды. Бұл – қала билігінің Астана тұрғындар мен қонақтарының ұзақ демалысына жасаған тартуы. Негізгі халықтық серуен 21-23 наурыз күндері өтеді.
«Хан Шатыр» сауда үйі жанындағы алаңда үлкен этноауыл ашылады. Мұнда киіз үйлер тігіліп, қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіледі. Спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Шығыс базары саудасын қыздырады. Сондай-ақ, осы күндері «Қазақ елі» монументі алаңында да, мереке кеңінен тойланады.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Наурыз мерекесі бес күн тойланады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/19974/)