Солтүстік Қазақстан облысында егіннің 70% орылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында егіннің 70% орылды

25.09.2024

Солтүстік Қазақстан облысында егіннің 70 пайызы орылды. Биыл күздің басы жаңбырлы болып, егін орағын қиындатқан еді. Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары жағдай тұрақталып, дала жұмыстары кестеге сай жүріп жатқанын жеткізді. Өнімділік гектарынан 17,6 центнер. Биыл 4,4 млн гектар аумаққа дән себілді. Астық қабылдау пунктеріне 600 мың тоннаға жуық өнім жеткізілді. Облыста жалпы сыйымдылығы 3,2 млн тонна болатын 46 элеватор жұмыс істеп тұр. Жауын-шашынның әсерінен биыл дәнді дақылдардың ылғалдылығы жоғары. Оны кептіруге қосымша 20 тонна жанармай бөлінді. 

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу