Депутат: Бала санасына зиянды желілерді бұғаттау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат: Бала санасына зиянды желілерді бұғаттау керек

25.09.2024

Балалардың психикасына теріс әсер етіп отырған әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу қажет. Мәжілісмендер осындай бастама көтеріп жатыр. Олар балалар арасындағы суицидті болдырмау үшін жауапты министрлік мектептердегі психологиялық қызмет жұмысының алгоритмін өзгертуі керек деп есептейді. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің әкімшілері де таралатын ақпаратты сүзгіден өткізіп, заңсыз, зиянды, сананы улайтын түрлі мобильді қосымшаларға бақылауды күшейту керек. Олай болмаса мемлекет оларды бұғаттауы керек деп санайды.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қазіргі таңда мессенджерлердің әрқайсысының өзінің администраторы бар. Сәйкесінше аталған ұйымдастырушылар балалардың көріп отырған контентіне байланысты өздеріне жауапкершілік алатын уақыты жетті.  Осы мессенджерлер тарататын ақпараттардың тақырыбына, баланың психикалық әсеріне байланысты өздері оны тазартып отыруы керек. 

Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу