Болашақта энергия тапшылығы болмас үшін АЭС салудың маңызы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болашақта энергия тапшылығы болмас үшін АЭС салудың маңызы қандай?

25.09.2024

Болашақта энергия тапшылығы болмас үшін АЭС салудың маңызы қандай? Иә болашақта энергия тапшылығы болмас үшін АЭС салудың маңызы қандай? Бұл сауалды тұрғындардан сұраған едік. 

Табылғали Сапаров, тұрғын:

Жыл сайын энергетика қажеттілігі көбейіп барады. Оған енді мүмкіндік қандай? Әрине, газбен пайдаланып, суды қыздырып, содан энергияны шығарып жатырмыз. Бірақ газдың да қанша мөлшері бар? Шексіз емес. Сондықтан бара-бара атом электр станциясы керек болады.

Зарина Маратқызы, тұрғын:

Бұл әрине өте маңызды үлкен жоба. Мұны қолға алу себебіміз өңірде жаңа кәсіпорын ашылып, жаңа үйлер салынып жатыр, халық саны өсуде. Оның бәрін қамтамасыз ету үшін ең алдымен энергия керек. Сондықтан осы мәселені шешу үшін АЭС дұрыс жоба болуы мүмкін.

Жазира Көкбас, Тұрғын:

Тамақ пісіруден бастап, ең бергісін айтқанда өзіміз күнделікті қолданып жүрген ұялы телефондарымыздың өзі осы электр қуатынсыз ешқандай жұмыстарымыз бітпейді. Әлеуметтік-экономикалық жағынан біз дамып жатқандықтан электр қуаты әрине тапшылық болады. Оны жою үшін үлкен энергия көзі бар станция салынуы керек.


Хабарламаларға жазылу