Мексиканың Юкатан түбегінде Хелен дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексиканың Юкатан түбегінде Хелен дауылы соққы берді

26.09.2024

Мексиканың Юкатан түбегінде тропикалық Хелен дауылы ойран салды. Дүлей дауыл туристер арасында танымал Канкун қаласына жеткен. Көшені су басып, күшті жел тұрды. Туристер курортты қаладан ұшып кету үшін әуежайға жиналған. Алайда ұшақ рейстері кейінге қалып немесе доғарылып жатыр. Қазір Хелен АҚШ-тың Флорида штаты жағалауына ойыса бастаған. Мұнда табиғи апатпен күреске дайындық жүріп жатыр.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу