Таразда «Бекет» оқу-жаттығуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда «Бекет» оқу-жаттығуы өтті

26.09.2024

Тараздағы жаңа Жамбыл фосфор зауытына жасалған шартты шабуылға тойтарыс берілді. Бұл «Бекет-24» кешенді оқу-жаттығу шеңберінде өткізілген шара. Нәтижесінде Жамбыл облысының аумақтық қорғаныс бригадасы мемлекеттік және стратегиялық нысандарды күзету және қорғау бойынша өз міндеттерін толықтай орындады. Бұл кезеңді аймақ әкімі, Қарулы күштері аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы Асқар Жоламанов, сондай-ақ республикалық және облыстық деңгейдегі басқа да әскери басшылар қадағалады.

Әлжан Хамзин, Жамбыл облысы аумақтық қорғаныс бригадасының полковнигі:

«Бекет» оқу-жаттығуы аясында аумақтық қорғаныс батальонының бөлімшелері арнайы тактика жүргізді. Бұл оқу-жаттығудың мақсаты әскери қызметтегі жеке құрамды оқыту болды. Бұл жаттығудың мақсаты орындалды деп ойлаймын.

Темірлан Нұрсолтан


Хабарламаларға жазылу