Ақын Несіпбек Айтұлына ескерткіш тақта қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Несіпбек Айтұлына ескерткіш тақта қойылды

26.09.2024

Астанада аса көрнекті ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының құрметіне, өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға қала билігі өкілдері, зиялы қауым мен ақынның оқырмандары және жақындары қатысты. Қаламгер былтыр өмірден өтті. Қазақ әдебиетіне мол мұра қалдырды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері жарты ғасырлық еңбек жолында эпикалық поэмалар жазып, Әлішер Науаи сынды әлем классиктерін қазақ тіліне аударған. Елге кеңінен танымал «Дариға дәурен», «Арман» әндерінің авторы.

Дәулеткерей Кәпұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Өмірден өткен ақын-жазушыларды еске алып, болмаса шығармашылықтарын насихаттау екінші өмірі басталды деген тұста ең бірінші осы ескерткіш тақталар қоюдан бастап жатамыз. Несіпбек Айтұлының мерей тойларында үлкен-үлкен жер-жерде, жоғары оқу орындарында, зерттеу университеттерінде ғылыми конференциялар өтіп, ғалымдар мен әдебиетшілер талдау керек деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі іс-шара сол Несіпбек Айтұлының шығармашылық ғұмырының басы.

Темірлан Нұрсолтан


Хабарламаларға жазылу