Павлодарда театрлар фестивалінің жеңімпазы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда театрлар фестивалінің жеңімпазы анықталды

26.09.2024

Павлодарда «Ертіс-Баян»1 республикалық театрлар фестивалі аяқталды. Бұл шара Алаш қайраткері, жазушы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналған болатын. Бір апта бойы еліміздегі 30 театрдың арасынан іріктелінген жеті ұжым үздік 11 туындыны көрерменге ұсынды. Бірнеше номинация бойынша жеке әртістер мен ұжымдар анықталды. Ал бас жүлдені «Күйеу бала» драмасын сахналаған Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театры иеленді. Қойылымның режиссері, танымал актер Дәурен Серғазин «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша марапатталды.

Дәурен Серғазин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Бүгінгі фестивальдің қорытындысы қанатыма қанат бітіріп, одан сайын мотивация алып, тағы одан екі есе, үш есе көп жұмыс істеуге күш алып бара жатырмын. Өзім үшін бұл үлкен белес, үлкен марапат. Бұндай жетістікке режиссер ретінде бірінші рет жетіп отырмын.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу