ШҚО-да энергия мен инфрақұрылым мәселесі әлі өзекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да энергия мен инфрақұрылым мәселесі әлі өзекті

26.09.2024

Шығыс Қазақстан облысының шалғайдағы елдімекендерінде энергетика мен инфрақұрылым мәселесі әлі дұрыс шешімін таппай келеді. Өйткені қазір өңірдегі электр желілерінің 60 пайызы тозған. Салдарынан жел соқса кейбір елдімекендер апталап жарықсыз қалады. Әсіресе қыста қиын. Жарықпен бірге жол да болмайды. Сенат депутаттарымен кездескен тұрғындар осы мәселелерді көтерді. Ал халық қалаулылары атом электр стансасына қатысты пікірлерімен бөлісті. Елдегі өндіріс қуаты өскен сайын энергия да көп жұмсалады. Қазір шығыстағы 5 гидростанция мен 3 жылыту электр орталығы жылына 5 миллирад киловатт энергия өндіреді. Бірақ мұның өзі аздық етіп тұр. Сондықтан энергетика саласына тың серпін қажет. Оның шешімі - АЭС. Ал өңірдегі инфроқұрымыға қатысты мәселе кезең-кезеңмен өз шешімін табады деді халық қалаулылары.

Ольга Булавкина, Сенат депутаты:

Қазір халық үшін ең негізгі мәселе инфрақұрылым. Жол, ауыз су және энергетика. Әсіресе ауылдардың арасындағы кейбір жолдардың жөндеу көрмегеніне 20-30 жыл болған. Біз сайлаушылармен кездескенде барлық жерде қойылатын сауал осы жолға қатысты болды. Дегенмен шығыста жол жөндеу қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан бұл мәселе шешімін табады деп ойлаймын. Ал энергетика мен экология бойынша әр өңірге қатысты біз үкіметке өз ұсынысымызды жолдайтын боламыз.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу