Саяхаттаушылар үшін мобильді қосымша іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяхаттаушылар үшін мобильді қосымша іске қосылды

26.09.2024

Шетелде саяхаттап жүрген қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мобильді қосымша іске қосылды. Онда әрбір туристің әуе билеті, тоқтаған қонақ үйі, консулдардың байланыс нөмірі мен мекенжайлары сынды маңызды ақпараттар сақталған. Жаңа платформада отандастарымыз саяхаттап барған мемлекеттер туралы да қажетті мәліметтер жинақталған. Жақын арада цифрлық қосымша арқылы әрбір азамат өзі барған елдегі төтенше жағдайлар мен оқиғалар жайлы да хабарламалар ала алады. Бұл туралы бүгін Бурабай курорттық аймағында өткен Қазақстан туризм форумында айтылды. Сондай-ақ жиын барысында туроператорлардың рейтингін жасау, ішкі және сыртқы туризмді одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Ерәлі Тілеуов, туризм саласының сарапшысы:

Әр туристік отбасына арнайы туркод беріледі. Сол туркод арқылы сол туристік агентке сенімділік білдіріп, сол туриспен аман-есен барып келуіне кепіл болатын бірден бір мобильді қосымша деп есептейміз. Бұл қауіпсіздік үшін. Себебі бүгінгі таңда, әрине көптеген жағдайлар кездесіп жатыр.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу