«Аqjaiyq» телеарнасына - 60 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аqjaiyq» телеарнасына - 60 жыл

26.09.2024

Батыс Қазақстан облысының жаршысы - облыстық «Аqjaiyq» телеарнасына 60 жыл. Ақ Жайық елінің айнасы аталып кеткен төл арна, 1964 жылдың 26 қыркүйегінде ең алғаш хабар тарата бастады. Бастапқыда жаңалық шығаруға түрлі түсті фотосуреттер қолданылса, кейін оның орнын ақ-қара түсті кинотаспалар алмастырды. Бүгінде цифрлық жүйеге көшкен телеарна тәулігіне 14, аптасына 98 сағат хабар таратады. Бағдарламалардың 65% ұжымның төл өнімі. Қазір арнаның он бөлімінде 68 адам қызмет етеді. Соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған студияларда күніне 5 рет жаңалықтар шығарылымы, 30 әртүрлі тақырыптық бағдарлама эфирден беріліп отыр. Мерейтойлық шарада арнаның ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, қазіргі буын қызметкерлері де марапатталды. Телерадионың құрылу, қалыптасу кезеңінен сыр шертетін музей бөлімі таныстырылды. Студия ауласына ағаш көшеттері отырғызылды. Бүгінде қарашаңырақ кадрлар ұстаханасына айналды.

Асыланбек Ғұбашев, телеарна ардагері:

Қазақстанда медиа өлшем жүргізіледі. Онда негізінен республикалық телеарналардың қаралымы, аудиториясы есептеліп жатады. Өкінішке қарай әлі күнге дейін өңірлік телеарналар медиа өлшемге кірмейді. Егер кірсе, олардың рейтингі кейбір республикалық телеарналардан қалыспайды деп ойлаймын. Бұл тұрғыдан алғанда " Aqjaiyq" телеарнасының шоқтығы биік деп есептеймін.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу