Жасанды интеллект журналистің орнын баса алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасанды интеллект журналистің орнын баса алмайды

26.09.2024

Жасанды интеллект журналистің орнын баса алмайды. Бұл туралы Елордада өтіп жатқан «Astana Media Week» апталығында ұйымдастырылған сессияда талқыланды. «Медиа дамыту қоры» директорының орынбасары Әсел Серікпаеваның айтуынша, жасанды интеллект дамыса да, БАҚ өзінің маңыздылығын жоймайды. Себебі, түрлі оқиға ортасында жүріп хабар тарату тілшінің басты міндеттеріне кіреді. Ал, заманауи технология қаншалық мықты болса да, оған мүмкіндігі шектеулі дейді. Сондай-ақ, журналистер жасанды интеллектті қолдануды үйреніп, көмекші ретінде пайдалану керектігін алға тартты. Дәстүрлі шарада сала мамандарын даярлау, өңірлердегі БАҚ-ты ірі платформаларға біріктіру мәселесі де сөз болды.

Әсел Серікпаева, «Медиа дамыту қоры» бас директорының орынбасары:

Еш уақытта жасанды интеллект журналистің орнын бас алмайды. Өйткені ол спикерге барады, аяқпен жүреді, талдайды. Ақпарат алады. Жасанды интеллект тек оларға көмек ретінде пайдалана алады. Қазір министрлік аймақтағы журналистерге көп көңіл бөлуде.


Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу