Жалпыға бірдей декларацияны жеке тұлғалардың 86,3% тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалпыға бірдей декларацияны жеке тұлғалардың 86,3% тапсырды

26.09.2024

2 миллионнан астам жеке тұлға декларация тапсырды. Бұл жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңінің қорытындысы. Биыл заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсырып жатыр. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, жыл басынан бері 2 миллионнан астам жеке тұлға декларация өткізген. Бұл декларанттардың жалпы санының 86,3%-ы. Аймақтар бойынша бұл жолы Түркістан, Ұлытау, Қостанай облыстарының тұрғындары белсенділік танытыпты.

Декларация тапсыру 16-шы қыркүйекте аяқталды. Бірақ міндеттемелерін уақытында орындамағандарға ескерту жасалады. Олар бір ай ішінде электронды түрде тапсыра алады. Ескертуді елемей, деректерін ұсынбаған тұлғалар айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу