«Элен» дауылы Флорида штатына соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Элен» дауылы Флорида штатына соққы берді

27.09.2024

АҚШ-тың Флорида штатына «Элен» дауылы соққы берді. Ол бұл аймаққа сағатына 225 шақырым жылдамдықпен жеткен. Соңғы мәліметке қарағанда, бір адам қаза тапты. Америкалықтың үстіне жол бойындағы белгі құлап кеткен. Жауындатып жеткен дауылдан кейбір елді мекендер мен қалаларды су басты. Жергілікті билік халықты қауіпті аудандардан көшуге шақырып отыр. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, Флоридада бір миллиондай, Джорджияда 50 мыңдай үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды. Осы штаттармен бірге Алабама, Каролина, Вирджина штаттарында да төтенше жағдай жарияланған. 


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу