Ақтөбеде ағзасын сатпақ болған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ағзасын сатпақ болған күдікті ұсталды

27.09.2024

Ақтөбе қаласының тұрғыны өзінің ішкі ағзасын сатпақ болған. Оның бұл әрекетін облыс прокурорлары анықтады. Ақтөбе облысы прокуратурасының мәліметінше, күдікті өзінің ішкі ағзасын сататынын жазып, әлеуметтік желіге хабарлама қалдырған. Ол ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл іске қатысты «Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу