Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Наурыз мейрамына орай Қарттар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді. Мұндағы мақсат – халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына көмек көрсетіп, қолдау білдіру.
Шара барысында концерттік бағдарлама ұсынылып, ұлттық тағамдардан дастархан әзірленді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар қарияларға сыйлық таратып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Назым ҚАЙРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарттар үйінде Наурыз мерекесі аталып өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/19991/)