Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған ауқымды шаралар басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған ауқымды шаралар басталды

27.09.2024

Ақтауда мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Мақсаты – Алаштың әлем алдындағы бетке ұстар ірі тұлғаларының бірі, қазақ әдебиетінің классигі, ойшылдың мұраларын әлемдік деңгейде насихаттау. Шараға Әбіш Кекілбайұлының үзеңгілес достары, әріптестері, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері мен Түркия, Венгрия, Әзірбайжан және Қырғыз республикасынан арнайы келген ғалымдар қатысуда. Жиынға арнайы қатысқан Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Президенттің құттықтау хатын жеткізді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Әбіш Кекілбайұлы төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтіп, жаңа деңгейге көтерген заңғар жазушы, классик қаламгер. Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп, мемлекеттігімізді нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан қайраткер. Ол жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, халқына қалтықсыз қызмет етті. Ұлт мүддесін және ел бірлігін қашан да биік қойды.


Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу