Жалақысын даулап жүрген 14 мың жұмысшының құқығы қорғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалақысын даулап жүрген 14 мың жұмысшының құқығы қорғалды

27.09.2024

Жалақысын даулап жүрген 14 мың жұмысшының құқығы қорғалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, биыл 250-ден астам кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақысын уақытылы төлемей қойған. Қарыз 3 млрд 600 млн теңге. Министрлік арнайы тексерістен кейін, бұл жұмыс берушілерге 35 млн теңге айыппұл салды. Сонымен бірге, айлықты белгілі бір мерзімде қайтару туралы шарт қойды. Нәтижесінде жұмысшыларға 2,8 млрд теңге қайтарылды.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу