Бүгін – Мұхтар Әуезовтің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Мұхтар Әуезовтің туған күні

28.09.2024

Бүгін – қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі Мұхтар Әуезовтің туған күні. Мұхтар Әуезов ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Ол қазақ өркениетінің жаңа болмысын ашқан жазушы. 15 жыл бойы «Абай жолы» 4 томдық даңқты тарихи роман-эпопеясын жазды. Кітап 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. Роман 30 тілге аударылып, оқырмандардың ықыласына бөленді. Сол Абайдың ұлылығы мен даналығын ашқан Мұхтар Әуезов те, өткен ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыбы.

Ғарифолла Есім, философия ғылымының докторы:

Мұхтар Әуезов туралы, оның «Абай жолы» романы шыққан кезде қазақтың тамаша ғалымы Қаныш Сатбаев былай дейді:  «Абай жолы»  19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өмірінің энциклопедиясы деген. Бұдан артық баға ешкім айтқан жоқ, айтуы мүмкін де емес.


Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу