Португалияда мыңдаған адам баспана бағасының қымбаттауына қарсы ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалияда мыңдаған адам баспана бағасының қымбаттауына қарсы ереуілге шықты

30.09.2024

Португалияда мыңдаған адам баспана бағасының қымбаттауына қарсы ереуілге шықты. Шетелдік қалталылар Лиссабон, Порту сияқты ірі қалалардағы тұрғын үйлерді жаппай сатып алып жатыр. Шетелдіктер тарапынан сұраныс артқалы елдегі тұрғын үй құны бір жылда 157 процентке күрт көтерілген.

Eurostat агенттігінің мәліметінше, 2015-2021 ж аралығында пәтерді жалға алу құны 112 процентке өскен. Салдарынан айына бір мың еуро жалақы алатын тұрғындар үшін пәтер жалдау қиындаған. Наразылық акциясына қатысқандар үкіметтен қолжетімді әлеуметтік үйлер салып, тұрғын үй нарығын реттеуді талап етті.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу