АҚШ-тағы дауылдан 105 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тағы дауылдан 105 адам қаза тапты

30.09.2024

АҚШ-тың бірнеше штатын жайпаған тропикалық «Хелен» дауылынан қаза тапқандар 105-ке жетті. Сан бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені құтқарушылар дауыл ойран салған аудандардың кейбіріне әлі жеткен жоқ. Дүлей дауыл алдымен Флорида штатына соққы беріп, кейін Джорджия, Солтүстік және Оңтүстік Каролина мен Теннеси штаттарына ойысқан. Солтүстік Каролинадағы бір графтықтың өзінде 30 адам қаза тапты. Үйсіз қалған жандарға арнап уақытша паналар ашылды. Электр қуаты, ұялы байланыс істен шыққан. Су тасқыны жүріп, ағаштар құлап, жүздеген жол жабылды. Сол себепті тұрғындарға қажетті азық-түлік, су және басқа да көмек тікұшақтармен жеткізіліп жатыр. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, дауылдан келген шығын көлемі шамамен 110 миллиард долларға жуықтаған.    

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу