Непалдағы су тасқынынан 192 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалдағы су тасқынынан 192 адам қаза тапты

30.09.2024

Непал астанасы Катмандуда лай көшкіні мен су тасқынынан 192 адам қаза тапты. Тағы 35-і іздестіріліп жатыр. Тасқын жүрмес бұрын қалада нөсер жауын жауған. Одан Багмати өзені арнасынан тасып, жолдар мен көпірлерді су басты. Табиғи апатқа байланысты жоғары оқу орындары мен мектептер үш күн бойы жабық болады. Өйткені толассыз жаңбырдан білім ордаларының ғимараттарына зақым келген. Жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу