«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды

30.09.2024

Режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды. Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте белгілі болады. Естеріңізге салайық, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген фильм жақында «Тұлпар» ұлттық сыйлығын иеленген болатын.

Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу