Атырауда Жайықтың жағасы тазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Жайықтың жағасы тазаланды

30.09.2024

Атырауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жайық жағалауы қоқыстан тазартылды. Тазалық науқанына 50-ге жуық адам қатысты. Олар қураған ағаштарды кесіп, орындықтарды сырлап, айналаны қоқыстан арылтты. Жалпы өңірде жоба басталған сәттен бері 1500 тоннаға жуық қоқыс жиналған. Оған 45 мың адам қатысып, 1000-нан аса техника тартылған. Осылайша өзен-көлдердің жағалауы, саябақтар, көшелер мен көпқабатты үйлердің ауласы тазаланды.

Күләндә Әжіғалиева, қала тұрғыны:

Үлкен ағыспен келген томарларды, ағаштарды шығарып, бөгеттердің топырақтарын тазалап, плиталарды жуып үлкен жұмыстар атқарылды. Жайық жағасына келетін қала тұрғындары тазалықты ұстап, орындарын тазалап кетулерін сұраймыз.


Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу