6 қазан күні автобустар тегін қатынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6 қазан күні автобустар тегін қатынайды

30.09.2024

6 қазан күні елордада қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетеді.

Автобустар таңғы сағат 6.00-ден 23.00-ге дейін жолаушыларды ақысыз тасымалдайды. Айта өтейік, Республикалық референдумге арналған учаскелердің жұмысы таңғы сағат 7-ден басталып кешкі 20:00-де аяқталады. Ел бойынша 10 мыңнан аса учаске жұмыс істейді. Дауыс беру нәтижелері 7-12 қазан аралығында жарияланады. Қазір елімізде дауыс беру құқығына ие 12 миллионнан астам адам бар.


Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу