ҚХР-дың құрылғанына 75 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХР-дың құрылғанына 75 жыл

01.10.2024

Бүгін Қытай Халық Республикасының 75 жылдығына орай Бейжіңнің ТьянаньМэнь алаңында мемлекеттік ту көтеру салтанаты өтті. Бұл рәсімді орындау Қытай Халық-азаматтық армиясының құрметті қарауылының 96 мүшесіне жүктелген. Жалаудың биіктегін сәтін тамашалау үшін орталыққа мыңдаған көрермен жиналып, ел әнұранын орындады. Айта кетсек, Қытай Халық Республикасы 1949 жылы қазанның 1-де пайда болды. Ұлттық күнді қазір Гонконг пен Макао жұрты да мерекелеп жатыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу