Непалда тасқын кесірінен қаза тапқандар саны 217-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалда тасқын кесірінен қаза тапқандар саны 217-ге жетті

01.10.2024

Непалда су тасқыны мен лай көшкінінен қаза тапқандар саны 217-ге жетті. Тағы 143 тұрғын жараланып, 28-і жоғалып кеткен. Қазір іздеу-құтқару және қалпына келтіру операциялары жалғасып жатыр. Сонымен бірге су апатына байланысты мектептер мен колледжер уақытша жабылған. Непалда муссон жаңбырлары маусым айында басталып, әдетте қыркүйектің ортасында аяқталады. Бірақ соңғы күндері елде жауын қайта төпелеп, 24 сағат бойы толастамаған. Ал көршілес Бангладеште тасқыннан 60 мыңдай адам зардап шекті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу