Гаити халқының жартысы аштыққа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гаити халқының жартысы аштыққа ұшырады

01.10.2024

Гаитидің 11 миллиондай халқының 5 жарым миллионға жуығы ашаршылыққа ұшырап жатыр. Олар өздерін және отбасыларын қамтамасыз ете алмайтын жағдайға жеткен. Мұны БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы хабарлады. Оның дерегінше, 6 мыңдай тұрғын аштықтың ең ауыр түріне душар болған. Елде мұндай жағдайдың қалыптасуына Гаити астанасының 80 пайызын басып алған қылмыскерлердің азық-түлік таситын жолдарды бақылауға алуы себепші. Сонымен қата, деңгейі 30 %-ға жеткен инфляция, қуаңшылық және 2021 жылғы алапат зілзала да ел тұрмысын қатты нашарлатып жіберген. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу