Қазақстандық шахматшылар әлемдік рейтингте топ-20 тізіміне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық шахматшылар әлемдік рейтингте топ-20 тізіміне енді

01.10.2024

Қазақстандық шахматшылар әлемдік рейтингте бірден бес орынды иеленді. Халықаралық шахмат федерациясы әлемдегі ең үздік шахматшылар тізімінің жаңа нұсқасын жариялады.

Жасөспірімдер арасында үздік жиырмалыққа Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман және Лия Құрманғалиева кірді. Сондай-ақ Ұлттық құраманың көшбасшысы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте 16-орынға тұрақтады.


Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу