Оралда 15 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда 15 отбасы баспаналы болды

01.10.2024

Оралда тасқыннан зардап шеккен тағы 15 отбасы баспаналы болды. Осымен шаһарда барлық 451 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді.

Мағзомовтар отбасының саяжайдағы үйі түгел суға кеткен. Бес ай бастапқыда эвакуациялық орталықта, кейін жалдамалы пәтерде тұрған. Жаңа үйдің аумағы бұрынғы баспанасымен шамалас. Бірақ іші-сырты жаңа, жарқырап тұр. Бір қуантарлығы, демеушілер баспананы асүй жиһазы, тоңазытқыш, кір жуғыш мәшине, теледидар секілді техникалық бұйымдармен түгел жабдықтап, тапсырып отыр.

Абат Мағзомов, қала тұрғыны:

Керемет болды. Ойламаған жерден үйлі боп жатырмыз. Алғысымызды айтамыз. Бүкіл елдің қолдауы бұл.

Ал жалпы облыста тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 889 үй салу жаспарланды. Солардың дені тапсырылды, қазір тек Сырым ауданында қосымша 38 баспана салынып жатыр.

Азамат Халелов, Орал қаласы әкімінің орынбасары:

2300-ден астам пәтер берілді. 500-ден астам үйдің жөндеу жұмысына қолдау көрсетілді. 10 мыңға жуық адамға 100 айлық есептік көрсеткіш, 150 АЕК мөлшерінде төлемдердің барлығы төленді.


Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу