Жайықтың жағалауы қалпына келтіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайықтың жағалауы қалпына келтіріліп жатыр

01.10.2024

Атырауда Жайық өзенінің оң жағалауы жөнделіп жатыр. Тасқынға қарсы бөгет салған кезде ауыр техника қозғалысынан төселген тастар бүлініп, қапшықтардың салмағынан темір қоршаулар жантайып кеткен еді. Қазір мердігер компания жүгіру жолдары мен қоршауларды қайта қалпына келтіріп жатыр. Жалпы 7 шақырымға жуық аумақ толық жөнделеді.


Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу