Халықаралық валюта қоры: Қазақстан экономикасының дамуы тұрақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық валюта қоры: Қазақстан экономикасының дамуы тұрақты

01.10.2024

Қазақстан экономикасы тұрақты дамып келеді. Халықаралық валюта қорының еліміздегі миссиясы баспасөз мәслихатында экономикаға баға беріп, өз болжамын жариялады. Жалпы ішкі өнім өсімі келер жылы 5 пайызға жетеді. Бұған мұнай өндіру көлемінің өсуі жағымды әсер етпек. Сонымен бірге ақша-несие саясатын жетілдіру үшін Ұлттық банктің дербестігін нығайтқан маңызды. Халықаралық валюта қоры жаңа салық кодексін қолдайтынын білдірді. Қор өкілдерінің пікірінше, бұл қадам елдің мұнайдан тыс түсетін кірісін көтеруге бағытталған реформалар жүргізу үшін маңызды. Валюта қоры экономистерінің мәліметінше, мемлекет қарызы жоғары емес. Ал инфляция деңгейі төмендеп, тамызда 8,4 пайызды құраған.

Николя Бланше, ХВҚ Қазақстандағы миссиясының басшысы:

Инфляция төмендеп жатыр. Болжамға сай, 2024 жылы экономикалық өсім 3,9 пайыз болады. Ал 2025 жылы өсу қарқыны жоғарылап, 5 пайызға жетпек. Бұған мұнай өндіру көлемінің артуы жағымды ықпал етеді. Орта мерзімді перспективада экономикалық өсу қарқыны 3,5 пайыз деңгейінде тұрақталады.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу