Жапонияның жаңа Премьер-Министрі тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның жаңа Премьер-Министрі тағайындалды

01.10.2024

Жапонияның жаңа премьері тағайындалды. Енді ел үкіметін Сигэру Исиба басқарады. 67 жастағы саясаткер Либералдық-демократиялық партия басшылығына өткен сайлауда жеңіске жетті. Ол бұған дейін елдің Қорғаныс министрі болған. Парламенттің кезектен тыс сессиясынан кейін жаңа министрлер кабинетінің құрамы таныстырылады. Кейін император сарайында Исибаны ұлықтау салтанаты өтеді. Жапон үкіметін бұған дейін Фумио Кисида басқарды. Ал жаңа премьердің алдында Либералдық-демократиялық партияның саяси жанжалдардан нұқсан келген беделін қайта көтеру міндеті тұр.

Хабарламаларға жазылу