Израиль Ливанға жаяу әскер кіргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль Ливанға жаяу әскер кіргізді

01.10.2024

Израиль Ливанға ақыры жаяу әскер кіргізді. Бұл шектеулі операцияның мақсаты - шекаралас аудандардағы «Хезболла» қарулы тобының нысандарын жою. Кейінгі екі аптада Израиль Ливанның оңтүстігіне әуеден соққы беріп, мыңнан астам адамды мерт қылды. Бір миллиондай адам тұрғын үйлерін тастап кеткен. Былтыр Газа секторында қақтығыс басталғалы, «Хезболла» Израильдің солтүстігіне мыңдаған ракета жіберді. Израиль сол шабуылдар тоқтағанша, «Хезболламен» шайқасты жалғастыратынын ескертіп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу