Ақмола облысында заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды

02.10.2024

Ақмола облысының прокуратурасы заңсыз берілген жер учаскесін мемлекетке қайтарды. Құзырлы орган тұрақты негізде жер заңнамасының сақталуына мониторинг пен талдау жұмыстарын жүргізуде.

Жергілікті атқарушы органдардың аукцион жүргізбестен өндірістік базаға қызмет көрсету үшін аумағы 1,3 гектар жер учаскесіне жеке меншік құқығын бергені анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде нарықтағы құны 70 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу