Алматы облысында мыңдаған шабақ құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында мыңдаған шабақ құтқарылды

02.10.2024

Алматы облысының Балқаш ауданында күріш алқаптарын суаратын арналардан мыңдаған балық шабақтары құтқарылды.

Жыл сайын уылдырық шашу кезінде Іле өзенінен балық тұқымы каналдарға өтіп кетіп, қайта қайтуы қиындайтын. Қазірдің өзінде Балқаш Алакөл балық шаруашылығы инспекциясының мамандары мен шаруалар 700 мыңнан астам ұсақ балықты қайта табиғи ортасына жіберді. Мұндай акциялар Іле өзені мен Балқаш көлінде балықтардың өсуін қамтамасыз етіп, қорын молайтуға септігін тигізеді.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу