Алимент төлемей, құмар ойынға қаржы салған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алимент төлемей, құмар ойынға қаржы салған

02.10.2024

Солтүстік Қазақстан облысында балаларына алимент төлеуден жалтарып, құмар ойындарға қомақты қаражат салып жүрген борышкерлер анықталды. 4,7 млн теңге берешегі бар тұрғынның букмекерлік кеңседегі аккаунты тексерілді. Ол құмар ойындарға 33,9 млн теңге тігіп, 19,1 млн теңгесінен айрылған. Прокурорлар жүргізген тексеріс барысында 6 адамға қатысты осындай деректер анықталды.

Аида Бабасова, облыс прокурорының аға көмекшісі:

Борышкерлердің букмекерлік кеңселердегі операцияларының жалпы сомасы 56 млн теңгені құрады. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, баптың санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қылмыстық істерді облыс прокуратурасы бақылауға алды.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу