Әлем және дәстүрлі дін лидерлері съезінің мақсаты - дін өкілдерін бір үстелде жинау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем және дәстүрлі дін лидерлері съезінің мақсаты - дін өкілдерін бір үстелде жинау

02.10.2024

Астанада келесі аптада әлем және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 22-і хатшылығының отырысы өтеді. Оған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев төрағалық етеді. Шара аясында ізгі ниет елшілері тағайындалып, жас лидерлердің форумы да ұйымдастырылады. Сонымен қатар алдағы съездің күн тәртібін талқылайды.

Әбішева Мадина, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталықтың бас кеңесшісі:

Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің ынтымақтастық жөнінде, руханият жөнінде діни келісімге келу. Мысалы, бір ғимаратта кездеспейтін, кездесуге ынталы емес тараптардың бір ортада жиналуы, дөңгелек үстел басына келуі және декларация, үндеу ретінде келісімге келе отырып бір құжатты дайындап шығуы – Қазақстан үшін үлкен жетістік пен нәтиже деп айта аламыз.



Хабарламаларға жазылу