ҚР СІМ: Иран, Израиль және Ливанда жедел желілер іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР СІМ: Иран, Израиль және Ливанда жедел желілер іске қосылды

02.10.2024

Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Иран, Израиль және Ливанда жедел желілер іске қосылды. Отандастарымыз қажеттілік туындаған жағдайда экрандағы жедел желі телефон нөмірлеріне хабарласа алады. Толық ақпарат Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктердің ресми сайттарында, әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады. Бүгінде аталған елдерде 361 қазақстандық тұрып жатыр. Бұл тек Қазақстанның сол елдердегі консульдығына барып, есепте тұрғандардың нақты саны. Көп азаматтар елшілікке барып, тіркелмейді. Сондықтан Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі консулға барып, есепке тұруға шақырады. Айта кетейік, министрлік осы елдердегі қазақстандықтар референдумда дауыс бермейді, деді.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Күрделі әскери саяси жағдайға байланысты, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерінің қызметін уақытша тоқтату жөнінде шешім қабылдады.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу