Мұнай қайта қымбаттай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай қайта қымбаттай бастады

02.10.2024

Қара алтын құны қайта шарықтап жатыр. Кеше баррелі 70 доллардан төмен болған Brent маркалы мұнай бағасы бүгін бірден 6 долларға қымбаттады. Ал WTI 72 доллардан сатылып жатыр. Бағаның бірден көтерілуіне Таяу Шығыстағы жағдай әсер етті дейді сарапшылар. Өйткені Израильге шабуыл жасаған Иранда мұнай өндірісі жоғары. Тәулігіне 3 миллион 700 мың баррель. Қарулы қақтығыстардың кесірінен өндіріс азайса, баға тағы 10-15 процентке аспандауы мүмкін, -  дейді сарапшылар.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу