Еліміздің 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

03.10.2024

Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жарияланды. Қазгидрометтің хабарлауынша, солтүстік-батыс антициклоны елдің басым бөлігіне әсер етеді. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Көп жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнгі уақытта 2-8 градус шамасында ызғар күтіледі.  

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу