Щучинскіде оқушы қыз ақылды аялдама жобасын ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Щучинскіде оқушы қыз ақылды аялдама жобасын ойлап тапты

03.10.2024

Ақмолалық оқушы заманауи құрылғылармен жабдықталған ақылды аялдама ойлап тапты. 

Онда сенсорлы автобустар картасы, GPS құрылғылар, онлайн кітаптар жинақталған жүйе мен бейнекамера қойылған. Іші қыста жылы. Жаздыгүні автоматтандырылған желдеткіш жұмыс істесе, түнгі уақытта жарық қосылады. Қоғамдық көліктердің бағыты мен келу уақыты, ауа райы туралы да толық ақпарат көрсетілген. 10 сыныпта білім алатын Сұлухан Амангелді күн сайын қоғамдық көлікті сағаттап күтуге мәжбүр болатын жолаушылар үшін жобасының пайдалы болатынына сенімді. Ақылды аялдамада мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай қарастырылған. Бастаманы жергілікті әкімдік те қолдап отыр. 

Сұлухан Амангелді, оқушы:

Автовокзал жұмысшыларымен бірге кездесіп, олардан сұхбат алып, қандай мәселелер бар екенін сұрап, осы жобаны қолға алған болатынбыз. Нидерландыда, АҚШ-та осындай арнайы смарт деген аялдамалар бар. Яғни оларда сондай вай фай, тоқ өткізгіштік және де арнайы электронды кітаптар бар. Олармен бірге салыстырып, осы жобаны істедік.

Алтынбек Омаров, Щучинск қаласы әкімінің орынбасары:

Әрине, қалада көп аялдамалар ескіріп кеткен. Енді жаңасын қою керек. Біз осы жобаны көрдік. Ол аялдама бізге өте ұнады. Енді біз осы қалаға бір жерге қоюға тырысамыз жылы аялдаманы.


Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу