Солтүстік Корея тұңғыш мемлекеттің қалыптасу мерекесін атап өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея тұңғыш мемлекеттің қалыптасу мерекесін атап өтіп жатыр

04.10.2024

Солтүстік Корея тұңғыш мемлекеттің қалыптасу мерекесін атап өтіп жатыр. Корей түбегінде ежелгі мемлекет біздің дәуірімізге дейінгі 2333 жылы пайда болған.Тарихи мерекені Пхеньян да, Сеул де жыл сайын атап өтеді. Дәстүрлі рәсімдермен бірге түрлі мерекелік шара өтеді. Бұдан бөлек, Солтүстік Корея лидері қарулы күштермен кездесуде елдің егемендігіне нұқсан келсе, шабуыл күштерінің бәрін, оның ішінде ядролық қаруды қолданудан тайынбайтынын мәлімдеді. Оңтүстік Корея болса, Ким Чен Ынның бұл ескертуі аймақ қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу