ҚазҰУ-да студенттер атом тақырыбында зияткерлік ойын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚазҰУ-да студенттер атом тақырыбында зияткерлік ойын өткізді

04.10.2024

Алматыда студенттер «Атом қуаты: Инновациялар және шешімдер» тақырыбында зияткерлік ойын ұйымдастырды. Ашық аспан астында өткен сайыста жастар АЭС-ке қатысты түрлі викториналық сұрақтарға жауап берді. Ой бөлісіп, пікір алмасты. Сондай-ақ, АЭС-тің қауіпсіздігі, радиациялық тәуекелдер және оны салудың қоршаған ортаға әсері туралы сұхбат жүргізді. Энергетикалық тәуелсіздік пен оның әлемдік нарықтағы рөлі де сөз болды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай кездесу АЭС салу мәселесіне қатысты жастардың пікірін біліп, ескеруге мүмкіндік береді.

Құралай Құрман, студент:

Атом электр станциясын елімізде салу біраз мәселелерді шешуге өзінің септігін тигізе алады. Өйткені, жылдан-жылға біздің Қазақстан халқының саны өсіп жатыр. Соған сәйкес, энергия тапшылығы мәселесі қозғалып жатыр. Менің ойымша, АЭС-тің салынуы ең басты мәселе энергия тапшылығы, энергияға тәуелділік мәселесін шешіп бере алады.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу