Қарағанды облысында жоғалған бала табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында жоғалған бала табылды

04.10.2024

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Петровка ауылында жоғалған бала аман-есен табылды. Із-түзсіз кеткен 5 жасар бүлдіршінді іздеуге бейжай қарамаған ауыл тұрғындары түгел жұмылды. Іңірде баладан көз жазып қалған анасы бірден полицияға хабарлаған. Төрт жүзден астам ерікті елді мекен маңын сүзіп шығып, түнгі 12 шамасында ауылдан 1 шақырым ұзап кеткен баланы тауып алды. 

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу