Президент судьялардың жаңа Әдеп кодексін қабылдауды қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент судьялардың жаңа Әдеп кодексін қабылдауды қолдады

04.10.2024

Судьяларды іріктеу және олардың құзыретін күшейтуге баса мән беру қажет. Мемлекет басшысы Қазақстан Судьяларының ІХ съезінде осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Жоғары сот кеңесі дербес әрі кәсіби судьялар корпусын қалыптастырудың кепілі болуы тиіс. Әрі этикалық нормаларды сақтауы ерекше маңызды. Сондықтан жаңа Әдеп кодексін қабылдауды қолдады. Бұл құжат сот жүйесіне қоғамның сенімін нығайта түседі, - дейді Президент. Сонымен бірге саланы цифрландыруға басымдық беру қажеттігін айтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Руспубликасының Президенті:

Елімізде арнайы ақпараттық жүйе бар. Судьялар сол арқылы басқа соттардың шешімдерімен таныса алады. Бұл – әділ сот актілерін қабылдауға мүмкіндік беретін ұтымды тәсіл. Соның арқасында ортақ мәлімет қоры қалыптасады. Бұл деректер сот процесіне қатысатын тараптың бәріне қолжетімді болуы керек.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу