Қазақстан драма театрларының ХХХ республикалық фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан драма театрларының ХХХ республикалық фестивалі басталды

04.10.2024
Қазақстан драма театрларының ХХХ республикалық фестивалі басталды

Көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының отызыншы фестивалі басталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Өскеменде өтіп жатқан өнер додасына еліміздің әр түпкірінен 10 театр қатысып жатыр. Қойылымдар балалар аудиториясына арналған. Көрермендерге «Менің атым Қожа», «Қайдасың, Гауһар!», «Қар қызы», «Болмаған балалық шақ» сынды туындылар ұсынылмақ. Спектакльдер 1-нен 5-ші қазанға дейін жалғасады. Қазылар алқасы фестиваль ережесіне сай 9 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтап, қаржылай сыйақылармен марапаттайды.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу