Оралда «Таза Қазақстан» акциясы аясында студенттер игі іске үлес қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда «Таза Қазақстан» акциясы аясында студенттер игі іске үлес қосты

04.10.2024

Оралда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өткен кезекті сенбілікте студенттер игі іске үлес қосты. Іс-шара эстафета түрінде ұйымдастырылды. Белсенді қыз-жігіттер топ-топқа бөлініп, жарыса жүріп, еңбек етті. 40 минуттың ішінде өздеріне берілген аумақты айнадай етіп тазалап шықты. Жастардың дені бірінші курс студенттері. Сенбілік соңында шапшаңдық пен ептілік танытқан топ мүшелеріне естелік сыйлық тарту етілді. Ұйымдастырушылар сенбілік шарасын аулалар мен ауыл-аймақта да өткізбекші.

Жандос Сұңғатов, облыстық қоғамдық даму басқармасының бас маманы:

Студент жастар белсенді қатысуда. Соның ішінде университет пен колледж студенттері. Неліктен студенттер дегенге келсек, мақсат – оларды алғашқы курстан бастап қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына, қаламыздың тазалығына үлес қосуға тәрбиелеу.


Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу