Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

05.10.2024

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтады. Бауырлас тәжік халқының игілігі үшін атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметінде, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Әңгіме барысында лидерлер, қазақ-тәжік қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен бірге сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақты одан әрі кеңейту перспективасын талқылады. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің тамызда Тәжікстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы түрде жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді. 

Хабарламаларға жазылу